Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Оқу орындарында оқитын жастар психологтарға бармайды. Себебі онда бірге жүрген ортадан тартынып, проблемаларын айта алмайды.Сізден жастармен жұмыс жасайтын, оқу орнынан алшақтау немесе жастар орталықтарынан психологиялық кабинеттер қарастырып берсеңіздер деген ұсынысым бар.

Жауап: Психологтардың жеке қабылдаулары орта есеппен алғанда 3000 теңге, ал кейінгі қабылдау сеанстары емдеу курсына қарай белгіленеді. Психологтардың көмегін тұтынушылар 5 күндік емдік сеансқа 10 000 – 25000 теңге жобасындағы ақыны төлеулеріне тура келеді. Осы бағытта жастарға арнайы көмек көрсету мақсатында «Облыстық жастар ресурстық орталығы» мен «Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығында» психолог мамандары қарастырылған. Арнайы консультативтік бөлмелері мен дәріс бөлмелері қаралған.  Орталықта тегін кеңестер беріледі және тұтынушылар туралы ақпарат құпия сақталады.


Сұрақ: Қәзіргі кезде Шымкент қаласында  жастардың саны 240 мыңнан асады. Дәл осы кездегі жастар өзінің денсаулығына үлкен  мән беріп түрлі спорт түрлерімен  айналысуға тырысады. Әсіресе  суғы жүзумен, бірақ Шымкент қаласындағы су-спорт орталығында бір айлык абонемент бағасы  8000 теңге. Бұндай ақша барлық жастарда жоқ. Сол себепті сізден сұранатынмыз мүмкіндігінше жастарға жеңілдіктер қарастырса.

Жауап: Бір айлық абонемент біздің су-спорт орталықта  бағасы шынымен 8000 теңге құрайды, бұл ақшаға  келуші айына 16 рет бізге келе алады  ол дегеніміз аптасына 4 рет.
Жастар үшін бізде  келесі  арнайы женілдіктер бар:
– Жетім мен мүмкіндігі шектеулілер  үшін негізгі бағадан жеңілдік  2000 теңге
–  ЖОО және арнайы  орта оқу орындары студенттері үшін , және зейнеткерлер үшін – жалпы бағадан жеңілдік  4000 теңге.
Әр ай сайын бізге келушілердің саны  3100-3200  адамды құрайды.


Сұрақ: Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жастар саны көбейіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру және талдау жасайтын орталық бар ма?

Жауап: Бүгінде қаламызда  «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы», «Даму», Кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Ырыс» микроқаржы ұйымы, «Максимум» инвестициялық орталығы жұмыс атқарып келеді.Ағымдағы жылдан бастап Үкімет азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арнайы бағдарлама әзірлеп, бекітіп отыр.
Егер бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлсе, енді оқыту арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына көңіл бөлінетін болады. Ең бастысы, адамдарға өз істерін ашуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік берілетін болады.
Бүгінде қалада осы бағытта атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары мен концепциясы дайындалуда.