2019 жылғы 1 мамырынан 1 тамызға дейінгі баспа және электрондық БАҚ – да жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптардағы жарияланымдар, сондай-ақ телесюжеттер, әлеуметтік желілерде жарияланған мақалалар қабылданады.
Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Бұл ретте конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Материалдар төмендегі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:
1) Үздік интернет-жарияланым;
2) Үздік телевизиялық жұмыс;
3) Үздік баспасөз жарияланымы;
4) Үздік вайн.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың материалдарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін қабылдайды. Конкурстың қорытындысы материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Байқауда келесі критерийлер ескеріледі:
1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;
3) жазу стилі;
4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.

Материалдар келесі мекен-жайда қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172)909-199, сот: +7 778 288 20 77, электронды пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru.

Байқау туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады: http://shymkent.kyzmet.gov.kz/kk/news/zhemkorlykka-karsy-kures-takyryby-ayasynda-uzdik-zhariyalanymdar-baykauynyn-erezhesi