Басқарма басшысы

Базарқұлов Мұрат Серікбайұлы

Мұрат Серікбайұлы – 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер.

Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған.

2005-2009 жылдары – ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.