Жастар жылы аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға  өтінімдер қабылдау күндері ұзартылды. 
Шымкент қаласының әкімдігі науқаның маңыздылығын ескеріп тиісті комиссия жұмысын сенбі, жексенбі күндері де жалғастырады. 
Баспаналы болуға ниетті жастар қажетті құжаттарды 30 қараша және 1 желтоқсан күндері сағат  09:00 мен 19:00 аралығында Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а мекен-жайына өткізе алады.
Толық ақпаратты shymkent.gov.kz сайты немесе 24-74-85 телефоны арқылы алуға болады.