Ереже

Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 11 шілдедегі
№19 қаулысымен бекітілген  

«Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

Жалпы ережелер 

  1. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы бойынша ішкі саясат және дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары бар.
  3. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы «6, индексі 160000.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

Мемлекетік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне миссиясы:

қаладағы конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтары мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, қаланың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.

  1. Міндеттері:

1) өңiрде iшкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпараттарды жинақтау және өңдеу;     

3) рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл;     

4) алынған деректер негізінде елордадағы қоғамдық-саяси ахуал туралы талдамалы баяндамалар, есептер және қызметтік жазбалар әзірлеу;

5) саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне сәйкес тәжірибелік ұсыныстарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;     

6) мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шымкент қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының тұрақтылығына бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;     

7) әкім үшін тоқсан сайын бағдарлама, стратегия және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау бойынша шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау;    

8) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;

9) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзу;

10) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;

11) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;

2) тұрғындар арасында теле, радио бағдарламалардың кешенді талдауын және экспресс-талдауын жүргізу;

3) үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне талдау жүргізу арқылы ортақ тенденцияларды анықтау және қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайларын болжау

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Шымкент қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу;      

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;     

7) Басқармада іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;     

8) «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» электрондық құжат айналымы Қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;     

9) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу;     

10) ағымдағы мұрағатқа және тұрақты сақтауға тапсыру үшін материалдарды даярлау;     

11) қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде биліктің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;     

12) Шымкент қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық-саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;     

13) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара әрекеттесу, Шымкент қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;     

14) саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ тенденцияларын анықтау және болжау;     

15) бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобасын әзірлеу;     

16) қоғамдық жерлерде (саябақтар, шағын гүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Шымкент қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;     

17) Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;     

18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;     

19) әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

20) Шымкент қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;

21) үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Шымкент қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;

22) ішкі саяси үдерістерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;     

23) қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасау;     

24) мемлекеттің идеологиялық тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;     

25) алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау;     

26) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына мониторинг жүргізу;     

27) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;     

28) халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту;     

29) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзу;

30) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу

31) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

32) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

33) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

34) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

35) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту үшін, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу жөнінде қала әкімдігіне ұсыныстар енгiзу;

36) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

37) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру;

38) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 490, 804 баптарына сәйкес Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасауға, қатысуға, олардың қызметiн қаржыландыруға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;

39) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1, 490 баптарында көзделген соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

40) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

3) жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;

4) Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;

5) әкімге реформалар курсын, бағдарлама, стратегия және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Шымкент қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;

6) қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық ойын-сауық іс-шараларына қатысу;

7) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

8) тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

9) «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасауға;

10) «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және өзге де отырыстар өткізу.

 

Басқарманың қызметін ұйымдастыру 

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
  2. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;

2) «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады.

3) сенiм хат бередi;

4) заңнамалармен, қала әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

«Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

Мемлекеттік органның мүлкі

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Шымкент ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.